30 қазан 2018 15:59

Есікте қайтыс болған бала көшеден гамбургер жеген - Дәрігер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Есікте ауруханада көз жұмған 14 жастағы бала, алдын ала мәлімет бойынша, көшеден гамбургер жеген соң қайтыс болған. Бұл туралы Еңбекшіқазақ аудандық Орталық аурухананың дәрігері Жамила Әбеуова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Есікте ауруханада көз жұмған 14 жастағы бала, алдын ала мәлімет бойынша, көшеден гамбургер жеген соң қайтыс болған. Бұл туралы Еңбекшіқазақ аудандық Орталық аурухананың дәрігері Жамила Әбеуова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, қайтыс болған бала төрт досымен бірге жүрген кезде көшеде гамбургер жеген. Бірақ кейін барлығы да кейін өздерін нашар сезінген.

"Төртеуі стационардың көмегіне жүгінген жоқ. Ата-аналарының айтуынша, олар гамбургер жеген соң құсқан, бірақ кейін жағдайлары дұрысталған. Медициналық көмек қажет болмады. Бірақ олар балалардың нақты не жегенін білмейді. Ал қайтыс болған бала үй жағдайында жасалған гамбургер жеген. Ол кафеден немесе дүкеннен сатып алынған гамбургер емес, көшеде бір әйел сатып тұрған, соны алған. Ол әйелдің үнемі сол жерде тұратыны белгілі болды. Мұны қайтыс болған баланың ата-аналары айтып отыр", - дейді дәрігер.

ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сондай-ақ, тергеу мен сараптама жүргізіліп жатқаны айтылады.

"Баланың көптеген ауруы болған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, қорытындысы бойынша нақты себебі анықталады. Комиссия осы мәселемен айналысып жатыр. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол гастроэнтериттен қайтыс болды. Басқа себептер әзірше белгісіз", - деді Бекшин.

Алайда қайтыс болған баланың ата-анасы КТК телеарнасына берген сұхбатында баланың денсаулығында ешқандай проблема болғанын айтады. Олар бұл жерде дәрігерлерді айыптап отыр.

"Дәрігердің түсінбестігі бұл жерде. Оқымаған адамдар отыр. Баланы қалай құтқарып қалу керектігін білмейді", - дейді қайтыс болған баланың атасы Ерлан Сәрсенбиев.

Телеарнадағылардың мәліметінше, 25 қарашада футбол ойнап келген 9-сынып оқушысы Жаннұр Ержігіттің басы айналып, жүрегі айныған. Ұлының денсаулығына алаңдаған анасы оны емханаға апарғанымен, дәрігерлер асқазанын тазартпай тек дәрі егіп, үйлеріне қайтарыпты. Алайда баланың беті қарамақ түгілі, одан сайын әлсіреп, нәтижесінде көз жұмған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети