17 қаңтар 2022 17:04

Форт-Шевченко әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзірбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзірбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, шенеунік жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған және он бес тәулікке қамауға алынған. Бірақ Әзірбаевтың өзі кінәсін мойындамаған. Ал ішімдік иісін сырқатына байланысты мойнына спирт жаққанына байланысты деп түсіндірген. 

"Сот Әзірбаев "Ақтау-Форт-Шевченко" тасжолының 3-шақырымында Toyota Camry маркалы көлікті мас күйде жүргізгенін анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша психобелсенді затты пайдалану көсеткіші 0,73 пайыз. Жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық", - деді Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот қаулысы бойынша, Шалқыбай Әзірбаев ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағйындалған, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде Форт-Шевченко әкімі мас күйінде түсірілген видео тараған болатын.

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев Желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети