Гай Фокстың маскасын киген тонаушылардың ісі: Теміртауда төрт ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гай Фокстың маскасын киген тонаушылардың ісі: Теміртауда төрт ер адам сотталды

Теміртау қалалық сотында дүкен тонағандарын мойындаған төрт ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау қалалық сотында дүкен тонағандарын мойындаған төрт ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушылардың берген жауаптарына қарағанда, олар алдын ала келісіп, топ болып әрекет еткен. Әрқайсысы қылмысқа алдын ала дайындалып, бетпердемен шабуыл жасап жүрген.

"Сот төрт ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша ("Тонау") айыпты деп танып, әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Гай Фокстың маскасын киген жігіттердің букмекерлік кеңсені тонап кеткені хабарланған болатын. Жарияланған видеоға қарағанда, Гай Фокстың маскасын киген үш жігіт кеңсеге баса-көктеп кірген. Біреуінің қолында ағаш бар. Ал басқаларының қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Олар ақшаны ала сала, оқиға болған жерден асығыс кетіп қалды. Кеңсе қызметкерлерінің ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпегенін кадрдан көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети