Теміртау қалалық сотында дүкен тонағандарын мойындаған төрт ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртау қалалық сотында дүкен тонағандарын мойындаған төрт ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталушылардың берген жауаптарына қарағанда, олар алдын ала келісіп, топ болып әрекет еткен. Әрқайсысы қылмысқа алдын ала дайындалып, бетпердемен шабуыл жасап жүрген.
"Сот төрт ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша ("Тонау") айыпты деп танып, әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Гай Фокстың маскасын киген жігіттердің букмекерлік кеңсені тонап кеткені хабарланған болатын. Жарияланған видеоға қарағанда, Гай Фокстың маскасын киген үш жігіт кеңсеге баса-көктеп кірген. Біреуінің қолында ағаш бар. Ал басқаларының қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Олар ақшаны ала сала, оқиға болған жерден асығыс кетіп қалды. Кеңсе қызметкерлерінің ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпегенін кадрдан көруге болады.