06 наурыз 2014 15:25

Германия азаматы Қазақстаннан саяси пана сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия азаматының төлқұжаты. ©Duden.de Германия азаматының төлқұжаты. ©Duden.de

Қазақстанда шетелдіктердің келу ережесін бұзған Германия азаматы сотта саяси пана сұрады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі Қостанай мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шетел азаматы уақытша тіркеу мерзімін ұзартпай, көрсетілген уақытта Қазақстан аумағынан шығудан жалтарған. Ол 2011 жылдың 8 қарашасында-ақ елден кетуі тиіс болған. "Сот отырысы барысында Германия азаматы кінәсін мойындамады, сотқа өзінің Қазақстанның бұрынғы азаматы екенін, Германияға отбасымен бірге кетіп қалғанын айтты. Қазіргі уақытта ол Қазақстан азаматтығы мен саяси пана сұрап отыр", - дейді Қостанай мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз хатшысы Жауқазын Мұхтар. Оның айтуынша, ер адам "әлденеден қорқатындықтан" Германияға қайтқысы келмейтінін айтқан. "Нақты себептері белгісіз. Бірақ оның отбасы Германияда тұрып жатыр", - дейді баспасөз хатшысы. Қазіргі уақытта германиялық азамат Қостанайда ата-анасының қолында. Еш жерде жұмыс істемейді. Республика аумағына келу ережесін бұзғаны үшін сот оған бір тәулікке қамау әкімшілік шарасын қолданды. Пана немесе азаматтық беру туралы арызы әзірше қаралған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети