Грузияда 140 қазақстандық турист отанына қайта алмай отыр

29 Тамыз 2016, 09:59
0
Грузияда 140 қазақстандық турист отанына қайта алмай отыр - © skybus.kz
© skybus.kz

Қазақстандық туристер Батумиден Қазақстанға қайта алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туристердің бірі Қарағанды қаласының тұрғыны Сергей Гуральдың айтуынша, олар 26 тамыздан бері рейсті күтіп отыр. Оның айтуынша, туристердің басым бөлігі - Қарағанды қаласының тұрғындары. "22 азаматты әуекомпания өздері әуежай маңындағы қонақүйге орналастырды. Қалған 22 турист өз ақшаларына демалған қонақүйлерінде қалды. Бастапқыда "әуекомпаниядағылар рейстің техникалық ақауларға байланысты ұшып келмегенін айтты. Қазір барлығымыз хабар күтіп отырмыз", - деді Сергей Гураль. 

Skybus әуекомпаниясы өкілдерінің айтуынша, ұшақты тексеру қажеттілігі туындағандықтан әуе рейсі кешігіп жатыр. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта Батумидан Атырауға, Астанаға және Қарағандыға 140 турист рейсті күтіп отыр. "Біз басқа әуе компаниялардың өкілдерімен ұшақты жалға алып, жолаушыларды жеткізу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Барлығы қонақүйлерге орналастырылды. Ұшақтар жөндеуге келеді. Банктерде демалыс күні болғандықтан қиындықтар туып жатыр. Біздің төрт чартерге төлеуге қолма-қол ақшамыз жоқ, барлық қаражат банктегі есепшотта", - деп түсіндірді Skybus әуекомпаниясының бас директоры Александр Белобородов.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай тамыз айында да болған еді. Грузияда 50-ге жуық қазақстандық турист отанына қайта алмаған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай