04 тамыз 2016 14:52

Грузияда 50-ге жуық қазақстандық турист отанына қайта алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батуми әуежайы Батуми әуежайы

Грузияда 50-ге жуық қазақстандық турист отанына қайта алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жолаушылардың айтуынша, SkyBus әуе компаниясының рейсі Батумиден Атырауға 3 тамызда таңғы сағат 10.00-де ұшып келуі тиіс болған.

Әуежайда бірнеше сағат күткен жолаушылар қонақүйлерге орналастырылды. Алайда, олар Қазақстанға қашан қайтатыны белгісіз. Жолаушылардың бірінің айтуынша, әуе компаниясының өкілі ұшақтың техникалық ақаулары бар екенін және бортты ауыстыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар, жақында әуе компаниясының өкілдері шетелдік әріптестерінің көмектеріне жүгінетінін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Tengrinews.kz редакциясы Азаматтық авиация комитетінің өкілдерінен осы жағдайға қатысты түсінік алып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети