1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Хан Шатырда" өрт шықты14 желтоқсан 2019, 09:34

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Елордада "Хан Шатыр" сауда үйіндегі бутиктердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіі ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. 

Өрт туралы хабар "101" пультіне  14 желтоқсанда 06:23-те түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттағы Climber бутигінде заттар өртеніп жатқан.

"Өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кірісті. Қолданылған шаралардаң соң өрт 06:44-те ауыздықталды және 06:48-де 5 шаршы метр аумақта толық өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 8 өрт техникасы жұмылды", - делінген хабарламада. 

/
Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі