06 желтоқсан 2019 15:45

Инспекторлардан қашқан браконьерлер өз көлігін өртеп жіберді

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

"2019 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облыстық "Охотзоопром" ӨБ" РМҚ өңірлік филиалы рейдтік шаралар жүргізу барысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданы аумағында Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлігін байқаған. Қуу барысында күдіктілер заңсыз аңшылық деректерін жою мақсатында көлікті өртеп жіберген. Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды", - делінген комитет хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Ұсталғандар кінәсін мойындап, киік атқандарын айтқан. Көлік салонында атылған екі киіктің денесі, 12 калибрлі екі мылтық, пышақ, бензин канистрі және 12 калибрлі 50 оқ табылған. 

"Оқиға орнында Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Осы дерекке қатысты 2019 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ПД-нің Шалқар аудандық полиция бөлімі тіркеуге алған", - делінген хабарламада.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram