09 наурыз 2021 10:18

Итті көлікке байлап сүйреген жүргізуші қазақстандықтардың ашуына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желі қолданушылары көлікке байланған ит түсірілген суретке ашуланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желі қолданушылары көлікке байланған ит түсірілген суретке ашуланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото Instagram-дағы "Клуб добряков Алматы" парақшасында пайда болды. Жазба авторы егде жастағы адамның "итті көлікке байлап, жүргізгенін" хабарлады. Жануардың мойнында қан көрініп тұрғаны да айтылған.

"Мен оған бұлай жасауға болмайтынын айттым, ал ол айғайлай бастады және жанжал шығарды. Біз қашан жануарларды қорлауды қоямыз?" - деді автор.

Ол оқиға нақты қай жерде болғанын айтқан жоқ, бірақ көліктің Алматының мемлекеттік нөмірі болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Клуб Добряков Алматы (@club_dobryakov_almaty)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети