27 қаңтар 2016 | 06:48

Жамбыл облысында 7 жасар баланы зорлап өлтіріп, мәйітін ағашқа асып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды. 7 жасар бала өз ауласындағы ағашта асылып тұрған жерінен табылды. Артынан оның зорланып, азаппен өлтірілгені расталған. Қазір тәртіп сақшылары жатпай-тұрмай азғынды іздестіріп жатыр. Ал марқұм оқушының нағашылары оның өліміне өгей әкесінің туған ағасын кінәлап отыр. Алайда күдікке ілінген 38 жастағы ер адамның жақындары оған шаң жуытар емес. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды. 7 жасар бала өз ауласындағы ағашта асылып тұрған жерінен табылды. Артынан оның зорланып, азаппен өлтірілгені расталған. Қазір тәртіп сақшылары жатпай-тұрмай азғынды іздестіріп жатыр. Ал марқұм оқушының нағашылары оның өліміне өгей әкесінің туған ағасын кінәлап отыр. Алайда күдікке ілінген 38 жастағы ер адамның жақындары оған шаң жуытар емес. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Каменка ауылында болған. 7 жастағы Ерасыл талға асылған күйінде табылған. Оның анасы екінші некеде. Сондықтан шешесімен бірге өгей әкесінің шаңырағында тұрған. Бақилық болған жеткіншектің нағашылары күйеу баланың үйінде ақыл-есінің кемістігі бар туған ағасының жүргенін айтады. Қайғыдан қан жұтқандар енді содан күдіктеніп отыр. "Серік, Серіктен басқа ешкімнен күдіктенбейміз. Қыздың айтысы ол уақытта Берік үйде болған, Серік далада мал жайғап жүрген. Бала бірге жүрген. Өздері де екі сөйлеп отыр", - дейді Ерасылдың нағашы әжесі Гүлбақ Шынәсілова.


© ktk.kz

Сонымен қатар, тілшілердің мәліметінше, екінші сынып оқушысының өлі денесін ең бірінші кім көрді дегенге сан қилы жауаптар айтылып жатыр. Табылған кезде оның іш киімі болмаған. Ал, күдікке ілінген 38 жастағы азамат бұрын психдиспансерге жатып шығыпты. Үш жыл бұрын шаңырақ көтергенімен қазір ажырасып кеткен екен. Бірақ Зәуре Байтақова баласының азғындыққа барғанына сенбейді. "Ол он минутта ол баланың жұлынын үзіп, басына екі жерден гематома салып, және жаңағыдай тірлік істеп, үлгеріп одан кейін қалай мынаған әкеп іліп қояды 10 минутта. Менің ойымша, малға келген біреулер болды ма, мына жерде неше түрлі алқаштар тұрады, - дейді Каменка ауылының тұрғыны Зәуре Байтақова.


© ktk.kz

Зейнеткердің айтуынша, жантүршігерлік оқиғадан соң оның екі баласын күйеуімен қоса тәртіп сақшылары қамап тастаған. Бірақ полицейлер бұл мәліметті жоққа шығарды. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның жай-жапсары ашық айтылмай жатыр. Белгілісі, жеті жастағы баланы зорлап, тұншықтырып өлтірген. Оны азаптағаны сонша, мойын омыртқасы да үзілген. Қазір сот-биолигиялық сараптама тағайындалып, екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр. "ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, екінші бөлігі 10-шы және 14-ші тарамақтары, яғни қасақана жасөспірім тұлғаға зорлық-зомбылық әрекеттерімен ұштасқан адамды өлтіру", - деп хабарлады Рысқұлов аудандық ІІБ бастығының орынбасары Дәурен Өмірбеков.


© ktk.kz

Қаныпезердің құрбаны болған жеткіншектің сүйегі өзінің туған әкесіне берілді. Әскери қызметтегі ол тағы бір мәрте шаңырақ көтерген. Ал перзентінен айырылған 29 жастағы келіншек екі баласын ертіп төркініне көшіп кетті. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети