18 қараша 2021 | 13:24

Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан кадрлар

Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Жел кезінде жасөспірім жеке тұрғын үйдің төбесінде болғаны айтылды.

"Жас жігіт жерге құлаған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Айта кетейік, Таразда желдің екпіні секундына 38 метрге дейін жеткен",- деп хабарлайды басылым.

Реклама
Реклама

51 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның 10-ы ауруханаға жатқызылды, ішінде үш бала бар. Медициналық тексеруден кейін қалғандары үйге жіберілді.

Бұған дейін Жамбыл облысының полицейлері тасжолға шығып, боранды видеоға түсіріп алғаны хабарланды. Осылайша, тәртіп сақшылары жүргізушілерге аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпау туралы ескерту жасады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенде газ құбырларына зақым келгені хабарланды. Баспасөз қызметі мәліметінше, екпіні күшті жел үйлердің қоршауларын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Салдарынан көшедегі газ құбырлары бүлінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная