17 қараша 2021 13:47

Жамбыл облысында полицейлер боранды видеоға түсірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының полицейлері тасжолға шығып, боранды видеоға түсіріп алған. Осылайша тәртіп сақшылары жүргізушілерге аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпау туралы ескерту жасауға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының полицейлері тасжолға шығып, боранды видеоға түсіріп алған. Осылайша тәртіп сақшылары жүргізушілерге аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпау туралы ескерту жасауға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Кадрларда үш ер адамның, оның екеуі полиция формасын киген, тасжолға шығып, әрең тұрғандары көрінеді. Полицейлер жүргізушілерден жолда өте мұқият және абай болуды сұрайды.

"Жамбыл облысы аумағында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшеюіне байланысты көлік жүргізу қауіпті саналады, өте мұқият және сақ болу керек. Жол қауіпсіздігі үшін полиция департаменті азаматтарды:

  • ауа-райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын-ала жоспарлауға;
  • құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға;
  • ауа райына байланысты елдімекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуге;
  • қажет болған жағдайда көліктің балама түрін қолдануға шақырады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомствода жол көрінбегесін Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының 534-593 шақырымындағы қозғалыс жабылғанын атап өтті.

"Жамбыл облысындағы елдімекендерден тыс жерлерге шығу қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан ауа райына байланысты Қаратау және Жаңатас қалаларынан шығу тоқтатылады. Құтқару қызметінің мәліметінше, 18 қарашаға дейін облыс аумағында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының полиция департаменті тағы да азаматтарды елдімекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуге шақырады", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде Таразда түсірілген видеолар таралды. Кадрларда қатты жел үйлердің төбелерін және қасбеттің басқа бөлшектерін қалай қиратып жатқанын көрінеді. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, Таразда таңертең оңтүстік-батыстан секундына 32 метр жылдамдықпен жел соғады. Ведомство 14 қарашада "стихиялық гидрологиялық құбылыс" туралы дауыл қаупі ескертілгенін атап өтті.

"15 қарашада түнде және таңертең таулы аудандарда, сондай-ақ, 17 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыста және Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіліп отыр. 15 қарашада түнде және таңертең және 17-18 қарашада тәулік бойы облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында, таулы аудандарда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 15-18 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда екпіні секундына 23-28 метр, кейде секундына 30 метр және одан да көп оңтүстік-батыстан жел соғады.

Таразда 15-18 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, 18 қарашада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 23-28 метр, кейде секундына 30 метр, тіпті одан да көп болады", - деп атап өтті Қазгидромет.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети