17 қараша 2021 15:19

Жамбыл облысында тұрғындар жел салдарынан газсыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенде газ құбырларына зақым келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" мәліметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында жел салдарынан бірнеше елді мекенде газ құбырларына зақым келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" мәліметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, екпіні күшті жел үйлердің қоршауларын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Салдарынан көшедегі газ құбырлары бүлінген.

"Апаттың алдын алу үшін газ қызметкерлері бүлінген құбырларға газ беруді тоқтатты. Төтенше жағдай болған аудандарда газдың шығуы мен өрт болған жоқ. 

Қатты жел салдарынан газ құбырларын қалпына келтіру әзірге мүмкін болмай тұр. Жел басылғаннан кейін ғана газ қызметкерлері қираған газ құбырларын қалпына келтіру және газбен қамту жұмыстарымен айналысады", - делінген "ҚазТрансГаз" хабарламасында.

Қазіргі уақытта Тараз қаласында - 25, Жамбыл облысында - 16, Жуалы мен Байзақ аудандарында - 25 ағаштар мен қоршаулардың газ құбырларына құлау жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы тасжолда қатты жел салдарынан "Газель" аударылып қалғаны хабарланған болатын. Таразда адамдар жел екпініне шыдамай құлап, шатырлар, көліктер ұшып жатыр.

Бір күн бұрын бұл жерде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының 534-593 шақырымында жолда көру мүмкін болмағандықтан, көлік қозғалысы жабылып, Қаратау мен Жаңатас қалаларынан шығатын жол жабылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети