17 қараша 2021 14:37

Жамбыл облысында көліктер мен шатырларды жел ұшырып әкетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы тасжолда қатты жел салдарынан "Газель" аударылып қалды. Ал Таразда адамдар жел екпініне шыдамай құлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысындағы тасжолда қатты жел салдарынан "Газель" аударылып қалды. Ал Таразда адамдар жел екпініне шыдамай құлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды. Мұнда жел екпіні секундына 30 метрге дейін күшейген.

Желіде жарияланған видеолардың біріне ер адам мен әйел түсірілген. Олардың бірі қатты желден аяғына тұра алмай, құлап, бірнеше метрге ұшып кетеді. Әйелдің қасындағы ер адам көмектесуге тырысады, бірақ ол да желге қарсы тұра алмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тараз LIFE (@taraz_life)

Тағы бір видеода Тараз көшелерінің бірінде ағаш электр сымдарына құлап, оны үзген сәті көрсетілген. Кейін сымдардан ұшқын шашылады. Алайда бұл көлік жүргізушілеріне кедергі болмады, олардың ешқайсысы тоқтап, төтенше жағдайды айналып өтуге тырыспайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

Тағы бір тұрғын Абай даңғылы мен Қашқари көшесі қиылысында қатты жел тұрғын үй шатырын ұшырып әкеткенін жазады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TARAZ | Онлайн Тараз (@onlinetaraz)

Куәгерлер тасжолдардың бірінде "Газель" көлігі аударылып кеткен сәтін видеоға түсіріп алған. Видео авторы көлік бос болуы мүмкін екенін, сондықтан оңай аударылып кеткенін айтады.

Ал, полицейлер оқиғаның нақты қай жерде болғанын және "Газель" жүргізушісінің жағдайы қалай екенін анықтап жатыр.

Бұған дейін Жамбыл облысында дауыл болатыны туралы ескерту жарияланғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети