25 желтоқсан 2019 16:21

Жамбыл облысында екі полицейді көлік қағып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында екі полицейді жолда көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысында екі полицейді жолда көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 25 желтоқсанда болды. Полиция қызметкерлері Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының 205 шақырымында Қордай ауданы Соганды ауылының маңында жыраға түсіп кеткен Honda минивэнін байқаған. 

"Полицейлер жол-көлік оқиғасын рәсімдеп жатқанда Тараз-Алматы бағытында келе жатқан Audi A6 маркалы автокөлігі жол жиегінде тұрған оларды қағып кетті. 33 жастағы жүргізуші көктайғақ салдарынан көлігін басқара алмай қалған", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан Жамбыл облысы полиция департаментінің екі инспекторы зардап шекті. Аға лейтенант Серік Ибраимовтың жағдайы ауыр, екінші аға лейтенант Бақытжан Наурузбаев түрлі жарақат алған. Екеуі де Қордай ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға болған жерде тергеушілер жұмыс істеп жатыр. 

"Құрметті жүргізушілер, қайғылы жайттар мен осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін сақ болуды және жолда жүру ережелерін қадағалауды сұраймыз. Сондай-ақ, облыс территориясында ауа райы әлі тұрақсыз екенін хабарлаймыз", - деді полиция өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети