Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жамбыл облысында жүк тиелген 12 вагон жолдан шығып кетті

07 Қаңтар 2015, 11:42
0
Оқиға орны. ©Абай Омаров
Оқиға орны. ©Абай Омаров
Оқиға орны. ©Абай Омаров
Оқиға орны. ©Абай Омаров
Оқиға орны. ©Абай Омаров
Оқиға орны. ©Абай Омаров

Жамбыл облысындағы Жамбыл - Түлкібас теміржол учаскесінде жүк тиелген 12 вагон жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның салдарынан 16 жолаушылар пойызы кестесінен кешігіп қалды. "2015 жылдың 6 қаңтары күні 23 сағат 45 минутта Жамбыл теміржол бөлімшесіне қарасты Жамбыл - Түлкібас учаскесіндегі Маймақ - Күркіреусу өткелінде, теміржолдың 3469-шақырымында №2007 жүк пойызының жүк тиелген 12 вагоны жолдан шығып кетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ арнайы комиссия құрды", - делінген хабарламада.   

Комиссия жұмысының алдын ала мәліметі бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне жолдың қисық учаскесінде бір тіркеменің бұрылмай қалуы себеп болды. Бұл вагонның нөмірі - 44676914. Оның меншік иесі - Ресейдің "Федералдық жүк компаниясы" АҚ. Келген шығын жүк вагонының меншік иесінен талап етілетін болады.

Қазіргі уақытта Жамбыл және Шымкент жол бөлімшелері оқиғаның салдарын қалпына келтіріп жатыр. Пойыздардың қозғалысы 7 қаңтар күні сағат 09.05-те жанданды. Жолаушыларға өтемақы төленетін болады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай