18 ақпан 2017 | 13:45

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқандардың туыстары кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында төтенше жағдайдан қаза тапқандардың туыстары кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында төтенше жағдайдан қаза тапқандардың туыстары кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза тапқан 26 жастағы аға лейтенант Әлішер Мошабаевтың анасы таңғы уақыттан бері мәйітхананың қасында жүр. Ол Талдықорғаннан келген екен. Әлішердің артында жанұясы қалған.

"Менің ұлым - Мошабаев Әлішер. Ол офицер. 26 жасқа толар еді. Бірақ ол қаза болды. Неге оларды таулы аймақтарға жіберді? Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлама келген еді ғой? Ол оқуын бітіріп, осы бөлімге түскен еді. Осы жағдайға кінәлі адамдарды тапсын. Ұлымның өліміне кім жауап береді? Оның артында әйелі мен баласы қалды. Ол баласының "әке" деп атағанын естімей кетті", - деді Ғалия Мошабаева.

Сондай-ақ, қар көшкінінен кіші сержант 26 жастағы Әуесбай Ерісбаев қаза тапты.

"Ұлымыздың қаза болғаны жайлы түнгі сағат 3-те хабарлады. Осыған дейін теледидардан қар көшкіні жайлы естідік, бірақ онда ұлым бар деп ойламадым. Мен бірден "ұлымның қызмет етіп жатқан бөлімі ме?" деп сұрадым. Маған "иә" деп жауап берді. Біз осыған кінәлі адамдардың жазаға тартылуын талап етеміз. Мұндай ауа райында оларды не үшін таулы аймаққа апарды?!" - дейді қаза тапқан Әуесбай Ерісбаевтың әкесі Құнапбай Тәжмамбетов. Сондай-ақ, Әуесбай Ерісбаевтың төрт жыл қызмет еткені белгілі болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің есімдері белгілі болған еді.  

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер қаза тапқан әскерилердің аты-жөнін жолдады:

кіші сержант М.Т. Қыдырбаев, 1991 жылғы,
кіші сержант А.К. Ерісбаев, 1992 жылғы,
қатардағы  Т.К. Кенесов, 1993 жылғы,
кіші сержант А.Ж. Аралбаев, 1988 жылғы,
қатардағы Н.К. Шәкен, 1995 жылғы,
ефрейтор М.Б. Тұрысмағанбетов,1991 жылғы,
аға лейтенант А.К. Мошабаев, 1991 жылғы. 

Айта кетейік, қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімін әскери бөлімде өткізу жоспарланып отыр. Қоштасу рәсімінен кейін қаза тапқандардың денелері туыстарына жеткізіледі. Әзірше жерлеу рәсімінің нақты қаншада басталатыны белгісіз.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендердің ішінде мына әскерилер бар: Б.Б.Пернебав, 1988 жылғы оң жақ қабырға астына жарақат алған; Б.О. Аманбаев, 1990 жылғы, денесі мұздап қалған; Н.С. Мамыралиев, 1985 жылғы, жабық бассүйек ми жарақатын алып, денесі мұздап қалған; А.Т. Жұмағалиев, 1982 жылғы, бел омыртқасын жарақаттап алған; М.Н.Орынбек, 1993 жылғы, денесі мұздап қалған; Н.А.Жамалиев, 1995 жылғы. Сондай-ақ, 1995 жылғы Д.С.Тұрысбек пен 1991 жылғы Д.Құлжабаев денелері мұздап, ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, медициналық тексерістен кейін 7 әскери үйіне қайтарылды - А.К.Еділбаев, 1988 жылғы; Ж.М.Сүңгібаев, 1983 жылғы; Б.Б.Әсембеков, 1993 жылғы, А.Б.Аюбеков, 1993 жылғы, Х.С.Сағындық, 1993 жылғы, У.Қайырбекұлы, 1994 жылғы, Р.А.Балқыбаев, 1989 жылғы және Б.О Түймебеков, 1981 жылғы.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети