14 сәуір 2018 08:59

Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© golosislama.com © golosislama.com

Құдай үйін қорлады: Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды, деп хабарлады КТК.


Құдай үйін қорлады: Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, Қордай ауданындағы Қайнар ауылында біреу Құдай үйінің астаң-кестеңін шығарып кеткен.

"Бейнекөрініс әлеуметтік желіде кең тарады. Түсірген адамның айтуынша, басбұзар қасиетті ғимаратты әбден қорлаған. Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды "аяққа таптады" деген күдік бар", - деп хабарлады тілші.

Айта кетейік, осы бұзақылыққа барған күнәһар сол Қайнар ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталған 43 жастағы азамат өзінің мас болғанын айтып ақталған. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынды.

Дереккөз: КТК.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети