24 қаңтар 2016 09:17

Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.


23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. 

"Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апат-құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Зардап шеккендер жайлы мәлімет анықталып жатыр және қосымша хабарланады. Жағдай Жамбыл облыстық ТЖД-ның бақылауында. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жедел штаб құрылды", - деп хабарлады Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ми-2 тікшұшағы апатқа ұшыраған. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети