Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен қыз есін жиды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шу қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінің мамандары хабарлады.
Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен қыз есін жиды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шу қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінің мамандары хабарлады.
Дәрігерлер қыздың жаңдайына қалыпты ауыр деген баға берді. Оның жамбасы мен жіліншігі сынған, соның салдарынан апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағының жолаушылары ішінде жалғыз тірі қалған ол көп қан жоғалтыпты. Оған талықсытпаға қарсы ем жасалып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оған екі операция жасалады. Шуға Астанадан дәрігерлер барды, олар консилиум өткізеді.
20 қаңтар күні сағат 15.40-та Жамбыл облысы Шатыркөл кен орны ауданында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. "Қазақмыс" баспасөз баянында хабарланғандай, "Олимп Эйр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаш - Шатыркөл бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Ұшақ бортында жеті адам болған, арасында экипаждың үш мүшесі бар.
"Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері қаза тапты, олар: техникалық даму департаментінің директоры Г.Т.Төлеубаев, "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас механигі Е.Б.Ыбыраев және "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы У.Х.Есмағамбетова, сонымен қатар АН-2 командирі Г.Клюшев, АН-2 ұшағының екінші ұшқышы В.П.Савельев және борт-механик В.И.Литвинов. "Балқаштүстімет" өндірістік бірлестігінің бас геологы А.А.Шаяхметова көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.