20 сәуір 2015 10:49

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың саны 16-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Mes.kg @Mes.kg

Жамбыл  облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың саны 16-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл  облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың саны 16-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ауруханаға 6 адам түсті. Олардың екеуі ресейлік әскери ауруханаға ауыстырылды. Тағы екі адамға Балқаш ауруханасында операция жасалды. Жан сақтау бөлімінде жатқан екі адам жан тапсырды. Сонымен қаза болғандардың жалпы саны 16-ға жетті", - деді Қарағанды облысы Приозерский аудандық ауруханасының дәрігері Нұрлан Шәгіров. Осыған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Алматы-Екатеринбург автожолының 487-ші шақырымында болған ірі жол апатынан 15 адам қаза тапқаны, олардың ішінде Қырғызстан азаматтары бар екені хабарланған болатын. Оқиға 19 сәуір күні таңғы уақытта болды.

Қырғызстан ТЖМ қаза тапқандардың денесін алып кетуге транспорт дайындағаны белгілі болды. "Қырғызстан ТЖМ қаза болғандардың денесін отандарына апарып жерлеу үшін автотранспорт дайындады. Бірақ денелер оқиға орнында Қазақстандық құқық қорғау органдары тергеу шараларын аяқтағаннан кейін ғана Қырғызстанға жіберіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Қырғызстан ТЖМ дағдарыс жағдайлар басқармасының орталығы Қазақстандағы Қарғызстан елшілігі, сонымен қатар Қарағанды және Жамбыл облысындағы жедел қызмет жасағымен бірге қаза тапқандардың кім екенін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр. Қырғызстан ТЖМ +996 770 88 00 19 номері бойынша ашық желіні іске қосты. Осы номерге қаза тапқандардың туыстары хабарласып, Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат ала алады.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы жол апатында "Газель-2705" (мемлекеттік номері В147 FРО, иесі К.А.Аданов, 1976 жылы дүниеге келген, Алматы облысының тұрғыны - mes.kg ескертуі) жүк көлігі мен Mercedes-Benz Sprinter (көлік иесі мен мемлекеттік номері анықталып жатыр - mes.kg ескертуі) микроавтобусы соғысты. Микроавтобуста 18 жолаушы болды, болжам бойынша, олардың барлығы Қырғызстан азаматы. Оқиға орнында өртеніп кеткен 14 адамның денесі табылды. Қаза тапқандардың ішінде "Газель" автомашинасының жүргізушісі және Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусының 13 жолаушысы болған. Олардың үшеуі - балалар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети