20 сәуір 2015 07:27

Жамбыл облысында болған ірі жол апатынан 15 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©mes.kg Оқиға орны. ©mes.kg

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Алматы-Екатеринбург автожолының 487-ші шақырымында болған ірі жол апатынан 15 адам қаза тапты, олардың ішінде Қырғызстан азаматтары бар. Қайғылы оқиға жексенбі күні, 19 сәуірде таңғы уақытта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Алматы-Екатеринбург автожолының 487-ші шақырымында болған ірі жол апатынан 15 адам қаза тапты, олардың ішінде Қырғызстан азаматтары бар. Қайғылы оқиға жексенбі күні, 19 сәуірде таңғы уақытта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апатында "Газель-2705" (мемлекеттік номері В147 FРО, иесі К.А.Аданов, 1976 жылы дүниеге келген, Алматы облысының тұрғыны - mes.kg ескертуі) жүк көлігі мен Mercedes-Benz Sprinter (көлік иесі мен мемлекеттік номері анықталып жатыр - mes.kg ескертуі) микроавтобусы соғысты. Микроавтобуста 18 жолаушы болды, болжам бойынша, олардың барлығы Қырғызстан азаматы. Бішкектен Солтүстік Қазақстан облысына кетіп бара жатқан.

 

© mes.kg

© mes.kg

Апатта көлік құралдары өртеніп кетті, оқиға орнында өртеніп кеткен 14 адамның денесі табылды. Қаза тапқандардың ішінде "Газель" автомашинасының жүргізушісі және Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусының 13 жолаушысы болған. Олардың үшеуі - балалар, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

© mes.kg



© mes.kg

Микроавтобустың тағы бір жүргізушісі (Ерлан Арысқұлов, 1992 жылы дүниеге келген - mes.kg ескертуі) Қарағанды облысындағы Приозерск қаласындағы ауруханаға жеткізілгеннен кейін алған жарақатынан қаза болды.

© mes.kg

© mes.kg

© mes.kg

Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан жеті қырғызстандықтың аты-жөні белгілі анықталды: Аббас Орынбаев (2008 жылы дүниеге келген), Абророддин Орынбаев (2006), Хадичахон Орынбаева (2003), Ерлан Арысқұлов (1992), Гавхарай Орынбаева (1981), Мавжуда Орынбаева (1953), Әбдісамат Эрашиев (1974). Қалғандары жайлы мәлімет анықталып жатыр.

Тірі қалған бес жолаушы түрлі жарақатпен Приозерск ауруханасына жеткізілді: Темірлан Тоқтарбаев (1971). Мақсатбек Сайкоев (1985), Тайырбек Сейітбеков (1971), Рустамбек Даурешев және Самат Мейрамбек (1993).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети