18 ақпан 2017 | 14:12

Жамбыл облысындағы қар көшкіні: Қайғылы оқиғаның хронологиясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясы 17 ақпанда Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғаның хронологиясын ұсынады. Айта кетейік, қар көшкінінен жеті әскери қаза тауып, тағы 16 адам зардап шеккен болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz редакциясы 17 ақпанда Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғаның хронологиясын ұсынады. Айта кетейік, қар көшкінінен жеті әскери қаза тауып, тағы 16 адам зардап шеккен болатын.

17 ақпанда сағат 13.15-те Жамбыл облысының ТЖД кезекші бөліміне қорықшы Әлімбековтен Жуалы ауданы Алатау ауылынан 35-40 шақырым жерде (Көксай шатқалында) қар көшкіні жүріп, 23 әскеридің қар астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Содан оқиға орнына құтқару бөлімшесінің 185 қызметкері мен 24 дана техника жұмылған.

Сағат 13.50-де ТЖД кезекші бөліміне қорықшы Әлімбеков тағы да хабарласып, қар астынан 4 әскериді алып шыққанын айтты.

Сағат 17.00-де төтенше жағдайдан қаза тапқандар жайлы хабар келіп түсті. Құтқарушылар жарақаттанған екі әскериді құтқарып қалды, сондай-ақ, екі адамның мәйітін тапқан.

Сағат 17.15-те қар астынан тағы тоғыз адам шығарылды. Сол кезде қаза тапқандардың саны 7-ге жеткені белгілі болды.

Сағат 18.30-да құтқарушылар қар астынан зардап шеккен тағы алты адамды алып шығарды.

Барлығы 23 адам табылған. Олардың жетеуі қаза тауып, қалған 16-сы зардап шеккен.

Сағат 22.30-да зардап шеккендер Тараздағы әскери ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жартысы тексерістерден кейін үйлеріне қайтарылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің есімдері белгілі болған еді.  

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер қаза тапқан әскерилердің аты-жөнін жолдады:

кіші сержант М.Т. Қыдырбаев, 1991 жылғы,
кіші сержант А.К. Ерісбаев, 1992 жылғы,
қатардағы  Т.К. Кенесов, 1993 жылғы,
кіші сержант А.Ж. Аралбаев, 1988 жылғы,
қатардағы Н.К. Шәкен, 1995 жылғы,
ефрейтор М.Б. Тұрысмағанбетов,1991 жылғы,
аға лейтенант А.К. Мошабаев, 1991 жылғы. 

Айта кетейік, қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімін әскери бөлімде өткізу жоспарланып отыр. Қоштасу рәсімінен кейін қаза тапқандардың денелері туыстарына жеткізіледі. Әзірше жерлеу рәсімінің нақты қаншада басталатыны белгісіз.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендердің ішінде мына әскерилер бар: Б.Б.Пернебав, 1988 жылғы оң жақ қабырға астына жарақат алған; Б.О. Аманбаев, 1990 жылғы, денесі мұздап қалған; Н.С. Мамыралиев, 1985 жылғы, жабық бассүйек ми жарақатын алып, денесі мұздап қалған; А.Т. Жұмағалиев, 1982 жылғы, бел омыртқасын жарақаттап алған; М.Н.Орынбек, 1993 жылғы, денесі мұздап қалған; Н.А.Жамалиев, 1995 жылғы. Сондай-ақ, 1995 жылғы Д.С.Тұрысбек пен 1991 жылғы Д.Құлжабаев денелері мұздап, ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, медициналық тексерістен кейін 7 әскери үйіне қайтарылды - А.К.Еділбаев, 1988 жылғы; Ж.М.Сүңгібаев, 1983 жылғы; Б.Б.Әсембеков, 1993 жылғы, А.Б.Аюбеков, 1993 жылғы, Х.С.Сағындық, 1993 жылғы, У.Қайырбекұлы, 1994 жылғы, Р.А.Балқыбаев, 1989 жылғы және Б.О Түймебеков, 1981 жылғы.

17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети