21 ақпан 2023 10:23

Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: жыныстық зорлық-зомбылық нұсқасы расталмады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Былтыр тамызда "Шөлдала" шекара заставасының мерзімді әскери қызметшісі Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бас прокуратура істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Былтыр тамызда "Шөлдала" шекара заставасының мерзімді әскери қызметшісі Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бас прокуратура істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі билікті асыра пайдаланған деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол Бекбол Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр және ерекше бақылауға алынған.

"Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқасы, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда бұл дерек расталмаған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қаңтарда сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейін айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталған еді. Ведомство мәліметінше, адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралған және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды.

Адвокат С.Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қолсұғылмаушылықты ескере отырып, соталды тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, 2022 жылғы тамызда Жамбыл облысында әскерге шақырылған 18 жастағы сарбаз өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети