Жаңаөзенде газ автоцистернасы өртенді: бір адам қайтыс болды

06 Қазан 2018, 12:47
0
Жаңаөзенде газ автоцистернасы өртенді: бір адам қайтыс болды - © lada.kz
© lada.kz

Жаңаөзенде Қазақ газ өңдеу зауытында автогаз тасымалдаушы резервуарын толтыру барыснда өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс Lada ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының диспетчерлік қызметіне шақырту жергілікті уақыт бойынша сағат 14.40-та келген. Өрт тез арада ауыздықталды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің хабарлауынша, оқиға болған жерде бір адам қайтыс болған. Сонымен қатар бір әйел жарақат алған. "Жеңіл дәрежелі күйік алған зардап шегуші Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек алғаннан кейін ол үйіне қайтуға рұқсат алды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай