21 ақпан 2021 13:39

Жаңатастағы қайғылы жағдай: көршілер мән-жайын айтып берді

Жаңатаста 19 ақпанда бес бала қайтыс болған қайғылы жағдайдың мән-жайын көршілері айтып берді. Олар балаларды құтқаруға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңатаста 19 ақпанда бес бала қайтыс болған қайғылы жағдайдың мән-жайын көршілері айтып берді. Олар балаларды құтқаруға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт салдарынан 3 қыз бен 2 ұл қайтыс болды. Ең үлкен бала 6 жасар, ал кішісі енді 7 айға толған. Балалар көмірқышқыл газымен уланған. Көршілер оларды құтқаруға тырысқан. Балаларды көлікпен ауруханаға апарған, бірақ кеш қалған. Кейінірек өрт сөндірушілер пәтерден тағы бір баланың денесін шығарған.

"Мен ас үйде отыр едім, опыр-топыр болып жатқанын естідім, балалар қайта жүгіріп жүр екен деп ойладым. Сосын шықтым, көк түтін болып жатыр екен. Ішке қайтып, киініп, қолшам алдым, үшінші қабатқа жүгірдім. Кіргім келді, кіре алмадым, кіру мүмкін емес - көк түтін еді. Олардың төбесі де сондай, меніңше, сол жанып кетті", - деді көршісі Садық Егембердиев.

"Менен дымқыл сүлгі беруді сұрады, олар есікті ашқысы келді деп ойладым, бір қарасам кіреберіс түтінге оранған. Әйелдердің бірі кіріп, екі баланы шығарды. Жас, жайлы отбасы. Ата-аналары ішпейді, балалар әрдайым таза жүреді, күтімі жақсы еді. Отбасы үш бөлмелі пәтерде тұратын", - деді Алтынгүл Жамалбекова.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 9 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған. Содан кейін өрттің алдын ала себептері айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бүгін профи рингте жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Қанат ислам жеңісін "бес баланың рухына арнайтынын" айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram