Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жануарлар қалдығын өртеген: Қостанай тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды 22 мамыр 2023, 12:31

Қостанай тұрғындары "Kostanay Plaza" сауда үйі қоршауының ар жағында орналасқан инсинератор пешінен шыққан жағымсыз иіске шағымданды. Бұл қондырғыда
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Қостанай тұрғындары "Kostanay Plaza" сауда үйі қоршауының ар жағында орналасқан инсинератор пешінен шыққан жағымсыз иіске шағымданды. Бұл қондырғыда жануарлардың қалдықтары өртенген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Видео Желіде таралып, қызу талқыланып жатыр.

"Мән-жайын анықтап жатырмыз. Қазірдің өзінде нақты айта аламын, инсинератор пеші ветеринария бөліміне тиесілі емес. Ол мал сою пунктіне тиесілі болуы мүмкін", - деп түсіндірді Қостанай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев.

Видеоға облыстың Экология департаменті де пікір білдірді. Жақын арада зертхана мамандары кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы атмосфералық ауаны тексереді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram