04 мамыр 2023 09:30

Жаппай төбелестен зардап шеккен алматылықтың көзі көрмей қалуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда жастардың арасындағы төбелесте жапа шеккен бір жігіттің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қатты соққы алған азаматтың бір көзі көрмей қалуы мүмкін деп отыр. Алдағы күндері оған ота жасалады. Алдыңғы аптада болған жанжалда таяқ жеген тағы екі жігіттің миы шайқалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда жастардың арасындағы төбелесте жапа шеккен бір жігіттің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қатты соққы алған азаматтың бір көзі көрмей қалуы мүмкін деп отыр. Алдағы күндері оған ота жасалады. Алдыңғы аптада болған жанжалда таяқ жеген тағы екі жігіттің миы шайқалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жанжал кезінде зардап шеккен жігіттің әкесі Тимур ауыр соққыдан "ұлымның бір көзіне қатты зақым келген" дейді. Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің көз жанарынан айырылып қалу қаупі бар екенін бірден ескертіпті.

"Балама үшінші дәрежелі көз контузиясы, көздің торлы қабықшасының жарылуы деген диагноз қойылды. Мұндай ауыр диагнозбен адам бірден көрмей қалады. Медицина мамандары осы жарақатты емдеу өте қиын екенін айтты. Соған қарамастан, біз күресіп жатырмыз. Алдағы күндері ұлымның көзіне ота жасалады", - дейді зардап шеккен баланың әкесі Тимур.

Жәбірленуші тараптың жақындарының айтуынша, кинотеатрдан шыққан үш жігіт көшеде қызды аяусыз ұрып жатқан жігітті көріп араша түседі. Алайда ол "араласпаңдар" деп ашуланып, достарын шақыртқан. Әрі қарай жаппай төбелеске ұласқан.

Полиция бұл іс бойынша "Бұзақылық" бабымен тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-тармағы бойынша сот алды біріңғай тізіммен тіркеліп, Бостандық ауданының полиция қызметкерлері ресми тергеу жүргізіп жатыр. Бұл іске қатысқан барлық тұлға "Боран 147" экипажымен ұсталып, тергеліп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Төбелеске қатысқандар қамауға алынған. Жәбірленуші тарап "тергеу әділ жүргізіліп, кінәлілер тиісті жазасын алсын" деп отыр.

Еске салайық, 27 сәуірде түнде Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында болған жағдай әлеуметтік желіге тараған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети