22 қазан 2014 12:30

Жарысқан автобустардың бірі жаяу адамды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/ "Территория происшествий" ©СТВ/ "Территория происшествий"

Алматыда автобус қарт жолаушыны қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 22 қазан күні 07.00 шамасында болды.


Алматыда автобус қарт жолаушыны қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 22 қазан күні 07.00 шамасында болды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Сүйінбай даңғылында "Элеватор" аялдамасынан алыс емес жерде екі жолаушылар автобусы өзара жарысқан. Екеуі де солтүстік бағытта қозғалған. Автобустардың бірінің жүргізушісі адамды өткізіп жіберу үшін жаяулар өткеліне аялдайды. Сол кезде онымен жарысып келе жатқан №2 автобус тежегішті баспай, жаяу адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Автобус жолаушыларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. №2 муниципалдық автобустың жүргізушісі ұсталып, медициналық сараптамадан өтуге жіберілді.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйек күні Алматыда автобус, Royal Petrol компаниясына тиесілі жанармай тасушы көлік пен Mercedes жеңіл автокөлігі соқтығысқан еді. Жолаушылар көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккен 14 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Полиция "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети