Желіде Шымкентте ер адамның бір қызды аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видео пайда болды

22 Қыркүйек 2015, 01:59
1
Желіде Шымкентте ер адамның бір қызды аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видео пайда болды - © Youtube кадры
© Youtube кадры

Желіде ер адамның бір келіншекті аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видео пайда болды. Оқиға Шымкенттегі Ташкент тоннелі ауданында, Көмеш бұлақ базарына қарсы маңда болды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Кадрлардан белгісіз ер адамның автомобильдердің дабыл қағып жатқанына қарамастан жол бойында бір қызды аяусыз ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Ал оқиғаның куәгерлері қызға көмекке келудің орнына видеоны ұялы телефондарына түсіреді.

Бір уақытта ер адамға көшедегілердің бірі жақындайды. Бірақ кейін кетіп қалады. Ер адам бұдан кейін қызды аулалардың біріне алып кіріп кетеді. Осы уақытта бейнежазба аяқталады. Оқиғаның мән-жайы анықталмады.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық әрекеттер бар!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай