Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Жетінші сынып оқушысы мектеп ауласынан мас күйде табылды

09 Шілде 2014, 12:03
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қарағанды облысында орта мектептің ауласынан жетінші сыныпта оқитын қыз бала алкогольден есінен танған күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

13 жастағы қызды Қарқаралы тұрғындары мектеп ауласынан тауып алған. "Жедел жәрдем" дәрігерлері қыз баланың алкогольді комаға түскенін анықтады. "Кома жағдайына дейін мас болған оқушы Қарқаралы аудандық ауруханасының токсикология бөлімшесінің жан сақтау бөліміне жатқызылды. Оқиғаның жай-жапсарын полицейлер анықтайды", - деп хабарлады дәрігерлер.

Қарқаралы аудандық білім бөлімінің мамандары оқушының мектеп ауласында түнгі мезгілде болғанын хабарлады. "Мектеп жұмыс істемейді, қазір жазғы каникул болғандықтан, онда балалар сабақ оқымайды. Мас оқушының табылғаны бірінші рет болып отыр, біз оның ата-анасымен және оған ішімдік ішкізген адамдармен әңгімелесетін боламыз", - дейді білім бөлімінің өкілдері. Бейресми мәлімет бойынша, мас болған оқушы зорланған. "Ішкі істер органынан оқушы қызды мазақ еткен деген ақпарат бар", - дейді білім бөлімінің мамандары.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай