Жетісайлық өгей ана үй қамауына алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Жетісайлық өгей ана тергеу изоляторынан үй қамауына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының кеңсесіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісайлық өгей ана тергеу изоляторынан үй қамауына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының кеңсесіне сілтеме жасап. 

"Жетісай аудандық соты тергеу барысында үй қамауына алу туралы үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлімінің 1 мен 2-тармақтары ("Қинау") және140-бабының 2-бөлімі ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды", - деді сотта.  

Өгей анадан зардап шеккен үш қыздың әкесі оның ортақ үйге оралмағанын айтты.  

"Ол жүктіліктің жетінші-сегізінші айында. Баланы босануы үшін жіберген болар. Маған келмеді. Өз туыстарына кеткен шығар. Бірақ онымен сөйлескім, тіпті, көргім келмейді. Қыздарым қазір бейімдеу орталығында. Ортақ ұлымыз бар. Қазір оның қайда екенін білмеймін. Оны іздеп жатырмын", - деді ер адам. 

Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. 

Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer