11 тамыз 2016 10:13

Жезқазғанда автобус пен тепловоз соғысты: 17 адам ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhezkazgan © instagram.com/zhezkazgan

Жезқазғанда автобус пен тепловоз соғысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жезқазғанда автобус пен тепловоз соғысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар реттелмейтін теміржол өткелінде соғысқан. Жол апатының салдарынан 17 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Полициядағылар жол апатына кімнің кінәлі екенін нақтыламады, бірақ тергеу басталып, барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын айтты. 


© facebook.com


© instagram.com/zhezkazgan

"Автобус пен тепловоздың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 3-45-бабының 1-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, бұл баптың жазасы: белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети