17 маусым 2016 | 14:32

Жезқазғанда қоқыстан табылған нәресте Балалар үйіне жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Жезқазғанда қоқыс жәшігінен табылған нәресте перзентханадан шығарылып, балалар үйіне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жезқазғанда қоқыс жәшігінен табылған нәресте перзентханадан шығарылып, балалар үйіне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, бала салмақ жинаған, дәрігерлер оның денсаулығы тұрақты екенін айтып отыр. "Перзентханадан шығаратын кезде баланың жағдайы тұрақты, салмағы 1 келі 980 грамм болды. Асқа тәбеті жақсы. Оны Балалар үйіне жеткіздік", - деді ол.

Жезқазған білім бөлімінің өкілдері де нәрестенің Балалар үйіне ауыстырылғанын растады. "Ол дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы тұрақты. Бізге екі жақтан да оның атасы мен әжесі келді. Олар баланы алып кеткісі келіп отыр. Өтініштерін ауызша ғана айтты. Баланың биологиялық анасына қатысты тергеудің аяқталғанын күтіп отырған болуы керек. Кейін құжат жинай бастайды. Тергеу аяқталғанға дейін ештеңе айта алмаймыз", - деді Жезқазған қаласы білім бөлімінің қызметкері Гүлнәр Сейітжанова.

Сонымен қатар, ол туыстары баланы алу бойынша ресми шаралар қолданбаса, нәрестенің басқа отбасыға берілетінін жеткізді. Гүлнәр Сейітжанованың айтуынша, қалада бала асырап алуды армандап жүрген отбасылар өте көп.

Еске салайық, мерзімі жетпей туған 5-6 айлық нәрестені Жезқазған қаласына жақын жердегі Кеңгір ауылынан өтіп бара жатқан адамдар тапқан болатын. Нәрестенің табылғаны жайлы бірінші ақпаратты қолданушы Людмила Экзархова Facebook әлеуметтік желісінде жария етті. "Өтіп бара жатып, естіп қалдық, мысықтың даусына ұқсады, айналаны іздей бастадық, бір әйел қоқыс жәшігіне түссе қап қозғалып жатыр екен, оны ашқанда нәрестенің беті көрінді, аузы әжетхана қағазымен жабылыпты, оны алып тастап еді, қатты жылай бастады, киімін шешіп, орағаннан кейін алып кетті", - деп жазды Людмила Экзархова.

Қолданылған шаралардан кейін 18 жастағы нәрестенің анасы ұсталған болатын. Тергеушілер "Анасының өз нәрестесін өлтіруге оқталуы" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оның бұл іске неліктен барғандығыәзірше белгісіз. Ал дәрігерлер қоқыстан табылған нәрестеге Елжас деген есім берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети