12 қыркүйек 2014 16:15

Жол-көлік оқиғалары жұма күні жиі болады - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ru.tsn.ua ©ru.tsn.ua

Қазақстанда жол-көлік оқиғалары жұма күні жиі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жол-көлік оқиғалары жұма күні жиі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғаларының елеулі саны демалыс күнінің алдында болады, себебі алдағы демалыс күндерде демалысқа не басқа да отбасылық жағдаймен қаладан тез шығуға немесе кері қайтуға жүргізушінің асығуы қозғалыс қарқындылығының жоғарылауына әкеп соғады. Нәтижесінде жол қозғалысы ережесі, әсіресе, жылдамдық тәртібін сақтау талаптары бұзылады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, алдыңғы жылмен салыстырғанда оқиғалар саны 3,6%-ға, қаза болған адамдар саны 13,8%-ға азайды. 

"Республикада 2014 жылдың 8 айында 12 630 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны - 17 690 адам. Жол апаты зардабынан қайтыс болған 1 572 адамның 1 163-і ер адам және 409-і - әйел, оның ішінде, 163-і кәмелетке толмаған, ал жарақат алған 16 118 адамның 8 775-і - ер адам және 7 343-і - әйел, оның ішінде, 1950-і - кәмелетке толмаған", - делінген баспасөз парағында.

Комитеттің мәліметінше, ең қауіпті жолдар - Алматы қаласында, мұнда 3 555 оқиға болып, салдарынан 3555 адам жапа шекті. Оңтүстік Қазақстанда 2 081, Алматы облысында 1 114, Шығыс Қазақстан облысында 882 және Жамбыл облысында 795 оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар Алматы облысында көп болды – 276 адам, Оңтүстік Қазақстанда 257, Жамбыл облысында 140, Шығыс Қазақстан облыстарында 107 және Алматы қаласында 108 адам қайтыс болды.

"Талдау көрсеткендей, жол апатының болу себептері сол бұрынғы күйінде яғни көбінесе, жол жүргізу ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болып жатады, атап айтқанда, жылдамдықты арттыру себебінен 3357, жаяу жүргіншілердің жолдан өту тәртібін бұзу себебінен 1032, қарсы қозғалыс жолына шығудан 733, көлік құралын мас күйде басқарудың салдарынан 471 оқиға болды. 526 оқиға жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі салдарынан болған", - делінген баспасөз парағында.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети