24 маусым 2014 18:28

Жол-көлік оқиғасы куәгерін өжеттігі үшін марапаттамақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тахмина Шохимардонова. Фото Vk.com-дегі жеке парақшасынан алынды. Тахмина Шохимардонова. Фото Vk.com-дегі жеке парақшасынан алынды.

"Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасының жетекшісі Бақыт Құрмашевтің жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетуіне жол бермеген қызды дипломмен марапаттамақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ұйым жетекшісі Арсен Шакуов айтты.


"Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша салық басқармасының жетекшісі Бақыт Құрмашевтің жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетуіне жол бермеген қызды дипломмен марапаттамақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ұйым жетекшісі Арсен Шакуов айтты.

Еске салайық, мемлекеттік қызметкер Lexus көлігімен жүкті әйелді және оның үш жастағы баласын қағып кеткеннен кейін оқиға орнынан ізін жасырмақ болған. Ол тар көшеге түсіп алып қашып бара жатқанда, оқиға куәгері оның жолын өз көлігімен бөгеген. "Біз бұл қызға біздің қауымдастыққа мүше болуға ұсыныс жасаймыз, ол бізге келешекте де осылай көмектесіп тұрса екен дейміз. Оны өжеттік, ерлік танытып, өзгелерге үлгі болғаны үшін марапаттағымыз келеді. Өйткені адамдардың келеңсіз жағдайларды көргенде бойын аулақ ұстап жататыны жиі кездеседі", - дейді Шакуов. Ол қала әкімдігіне хат жазып, қызға орден беруді сұрамақ, сол сияқты оған мақтау қағазын беруді өтініп, полицияға сұрау жолдайды. 

Оқиға куәгері Тахмина Шохимардонова Tengrinews.kz-ке оқиға орнына кездейсоқ тап болғанын айтты. Сол түні ол дәріханаға бара жатқан. "Жансүгіров даңғылымен жоғары бағытта келе жатқан едім. Жұмабаев көшесін өткеннен кейін аялдамақшы болдым. Сол кезде машинаның жаяуларды қағып кеткенін көрдім", - дейді Шохимардонова.

Қыздың айтуынша, ол жүргізушінің оқиға орнынан кетіп қалғалы жатқанын байқап, дереу оның артынан жүрген. Маңайда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының пайдасына тиді. "Біздің көліктеріміздің жылдамдығы әртүрлі еді, ол қашамын десе, қашып кетер еді. Бірақ ол сол жерде тежегішін басты, сол кезде мен оның жолағына көлденең тұрып алдым. Машинадан шығып, жақындап, терезесін ұрғылай бастадым. Содан кейін 102 қызметін шақырдым", - дейді куәгер. Оның айтуынша, сол сәтте күдіктіні ұстауға басқа да куәгерлер көмекке келген.

Алматыда бұл жол-көлік оқиғасы 23 маусым күні болған еді. Күдікті Құрмашев бұл оқиғадан соң қызметінен босатылды. Бұл факті бойынша "Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережесін бұзу", "Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу" және "Қауіпте қалдыру" баптарымен қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу жүріп жатыр. Қазір зардап шегушілердің жағдайы тұрақты. Әйелдің басы жарылып, қабырғасы сынған. Ұлының шүйде сүйегі сыныпты. Әйелдің құрсақтағы сәбиі аман.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети