24 маусым 2014 10:52

Жүкті әйелді баласымен бірге қағып кеткен шенеунік үш бап бойынша жауапқа тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©СТВ "Территория происшествий" ©СТВ "Территория происшествий"

Алматыда жүкті әйелді және кішкене баланы көлігімен қағып кеткен айыпты азамат ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Жол-көлік апаты 20 маусым күні Алматы қаласындағы Жансүгіров және Жұмабаев көшелерінің қиылысында болды. 


Алматыда жүкті әйелді және кішкене баланы көлігімен қағып кеткен айыпты азамат ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Жол-көлік апаты 20 маусым күні Алматы қаласындағы Жансүгіров және Жұмабаев көшелерінің қиылысында болды. 

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жүктіліктің 9-айындағы әйелді және 3 жасар сәбиді қағып кеткен. Өз көлігін мас күйінде жүргізген жүргізуші жол-көлік апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. 

"Жүргізуші жол-көлік апаты болған жерге дәрігерлерді шақырып, әйел мен балаға алғашқы көмек көрсетудің орнына тар көшелердің біріне бұрылып кетіп, тығылып қалмақшы болған. Жол-көлік апатының 30 жастағы куәгері ерлік танытып, қашпақ болған кінәліні қуып жеткен. Куәгер әйел өзінің көлігімен кінәлі жүргізушінің алдын көлегейлеп тұрып алыпты. Медициналық сараптау нәтижесі жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтады", - деді Алматы ІІД Тергеу басқармасының бастығы Рустам Абдрахманов.

Жүкті әйел мен баласы жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Әйелдің жамбасы және қабырғасы сынған. Ал бала басынан ауыр жарақат алып, комада жатыр. 

Алматыдағы жол-көлік апатына байланысты ҚР ҚК-інің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Көлікті жүргізу кезінде жол ережесін бұзу", "Жол-көлік апаты болған жерден кетіп қалу", "Зардап шеккендерге көмек көрсетпеу". Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұрын жол апатына кінәлі жүргізушінің Салық комитетінің қызметкері екені хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети