20 сәуір 2023 14:05

Жүргізушілерге құрма таратқан. 15 жастағы алматылықты көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы оқырмандар редакцияның WhatsApp нөмірі арқылы хабарлап, қайғылы оқиғаның видеосын ұсынды.

Соқтығыс сәті көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған. Кадрлардан баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені көрінеді. Осы кезде жеңіл көлік жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Оқырмандардың айтуынша, оқиға 18 сәуірде кешкі сағат 19:45 шамасында Абай даңғылында Жетісу-3 шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған.

"Toyota Camry жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен баланы қағып кетті. Оқиғадан бір сағат бұрын ол ауызашарға үлгермеген жүргізушілерге құрма мен су таратқан болатын", - дейді марқұмның футбол клубында бірге жаттығатын досы.

Полиция бұл деректі растады.

"Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан 1998 жылы туған жүргізуші 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қаққан, ол белгіленбеген жерден жолдың солтүстік бағыттағы бөлігін кесіп өтті. Соның салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейін қаза болды", - деп хабарлады қалалық ПД.

Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети