31 шілде 2019 12:51

Жыл басынан бері СҚО-да жол апатынан 11 адам қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері СҚО жолдарында 50 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды. Көлікті мас күйде жүргізген 790 адам ұсталды, 5 мыңнан аса жүргізуші жылдамдықты асырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Істелініп жатқан шараларға қарамастан, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына байланысты жол апаты деректері азаяр емес. Жыл басынан бері СҚО-да 97 ЖКО тіркелген, оның салдарынан 11 адам қаза тауып, 128 адам зардап шекті.

"Біз жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаз мезгілінде жолдарда ерекше қырағылық танытып, балалар қауіпсіздігін мүлде естен шығармаған жөн. Сондай-ақ мотоцикл жүргізушілері, велосипедшілер, скутер мінгендер осы мәселеге ерекше назар аударуы тиіс", - деді СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Григорий Тыш.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети