1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Қағып, қашып кеткен". Шымкентте жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды 27 шілде 2021, 17:18

6 шілдеде Шымкентте 60 жастағы ер адамды көлікпен қағып, қашып кеткен 30 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

6 шілдеде Шымкентте 60 жастағы ер адамды көлікпен қағып, қашып кеткен 30 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліме етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 6 шілдеде Шымкенттегі Қазыбек би көшесінде Toyota автокөлігінің жүргізушісі 60 жастағы тұрғынды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылып, сол жерде қаза болды.

Факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тіркелген.

"26 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкері.

Айта кетейік, марқұмның 15 жасар қызы Нұрила Байтұқаева белгісіз біреулер әкесін автокөлікпен қағып, қашып кеткенін айтқан болатын. Қыз әлеуметтік желілерде қазақстандықтардан кінәлілерді табуға көмектесуін сұраған еді. Кейін қаза тапқан ер адамның ұлы Әлсаид Байтұқаев полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram