17 ақпан 2017 | 19:34

КамАЗ жүргізушісі полицейлер көлігін қаққан жолда тағы бір ЖКО болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар - Екібастұз тас жолында, КамАЗ-бен полицейлер көлігі соқтығысқан орыннан алыс емес жерде тағы бір жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар - Екібастұз тас жолында, КамАЗ-бен полицейлер көлігі соқтығысқан орыннан алыс емес жерде тағы бір жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төртқұдық ауылының маңында жол талғамайтын және жеңіл көлік соқтығысты. Дәрігерлердің ақпараты бойынша, ЖКО салдарынан 1992 және 1980 жылы туған екі ер адам және 42 жастағы әйел адам зардап шекті. 

"Зардап шеккендер Павлодардың қалалық ауруханасына жеткізілді. Жарақат ауырлығы анықталып жатыр. Зардап шеккендердің барлығы бір отбасынан екені белгілі", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, Павлодар - Астана тас жолында КамАЗ балалар автобусына еріп келе жатқан полиция көлігіне соқтығысқан болатын. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети