12 қазан 2021 11:16

Канадада ұйықтап жатқан әйелдің жастығына метеорит құлады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

pexels.com pexels.com

Канаданың Голден қаласында метеорит жеке үйдің шатырын бұзып өтіп, ұйықтап жатқан әйелдің басынан бірнеше сантиметр жердегі жастыққа құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Канаданың Голден қаласында метеорит жеке үйдің шатырын бұзып өтіп, ұйықтап жатқан әйелдің басынан бірнеше сантиметр жердегі жастыққа құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Рут Гамильтон құлаған дыбыс пен бетіндегі шаңнан оянғанда, жастықтың үстіндегі тасты көргенін айтады. Әйел зардап шекпеген.

Ол құтқару қызметіне қоңырау шалып, жақын жерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп-жүргізілмегенін білгісі келген. Метеорит Гамильтонның үйінен шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан Луиза көлінің үстінен бір түн бұрын байқалған метеорлық жауынның бөлігі екені анықталды.

"Бұл аспаннан түскен жұлдыз екеніне және оған миллиард жыл болуы мүмкін екеніне таңғалдым. Қазір өмір баға жетпес екенін ұқтым және кез келген мезетте, тіпті өз төсегімде қауіпсіз жатырмын деп ойласаңыз да, тоқтауы мүмкін", - деді Гамильтон.

Сақтандыру компаниясы ғарыштық қоқыстардан үйге келтірілген залалды анықтау үшін тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Компания бұған дейін мұндай талаптарды ешқашан қарастырмаған.

Гамильтон бұл оқиғадан кейін астрологиямен айналысуды жоспарламайды.

"Менің ойымша, бұл өмір бойына жеткілікті", - деп қорытындылады әйел.

Гамильтон тасты естелік ретінде сақтап, немерелеріне беруді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети