Қапшағай су қоймасында қайғылы оқиға болды

14 Тамыз, 09:05
0

Қапшағай су қоймасында қайғылы оқиға болды. 11 тамызда Песчаная коса шығанағында үш адам суға батып кетті. Олар 2008 жылғы бала, 1994 жылғы келіншек және 1981 жылғы ер адам. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.

Оның айтуынша, үшеуі кешкі уақытта жабдықталмаған орында суға түскен. Бірінші болып бала суға кеткен. Ересектер оны құтқарамыз деп, өздері де батып кеткен.

Келесі күні таңертеңнен құтқарушылар оларды іздеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта үшеуінің де денесі табылды. 

ТЖД өкілі азаматтарға рұқсат етілмеген жерде суға түспеуге кеңес беріп отыр. 

"Жыл басынан бері Алматы облысы территориясында 46 адам суға кетті, оның ішінде 11-і балалар. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі жабдықталмаған орындарда болып жатады", - деді Жұртбаев.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай