Қапшағайда болған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда болған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

28 тамызда күндіз Қапшағайдағы ағынды сорғы станциясында үш слесарь қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 тамызда күндіз Қапшағайдағы ағынды сорғы станциясында үш слесарь қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сол күні жұмысшылар автокөлікпен қаланың 8-ауданында орналасқан №11 "Қапшағай су арнасы" МКК су айдау станциясына торды тазалау үшін келген.

Көлік жүргізушісі Ерлан Сәрсенбаев сорғы станциясының аумағында жұмысқа қажетті құрал-саймандарды дайындап жүрген. Бұл уақытта үш жұмысшы құдыққа түскен, ал жүргізуші кейін біраз уақыт көлік кабинасында отырған. 

Біраз уақыттан кейін шамамен 11.20-де Сәрсенбаев құдыққа барып, бесінші деңгейлі шебер Е.Түменбаев (1965 жылы 16 ақпанда дүниеге келген), үшінші деңгейлі дәнекерлеуші Б.Әлиханов (1964 жылы 2 тамызда) және бесінші деңгейлі құрылысшы Т. Ахметовтың (1965 жылғы 16 ақпан) денесін тапқан. 

Жұргізуші дереу "Қапшағай су арнасы" МКК бас инжинері Х.АБатырханов, шебер Ш.Саумалбайға хабарлап, оқиғаны баяндап берген. Кейін Төтенше жағдай мен басқа да жедел қызметтер шақырылған. 

Қаза тапқанардың денесін құтқарушылар шығарып алды. Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның себебін тиісті органдар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен Қапшағай медицина қызметі анықтап жатыр.

"Қапшағай су арнасы" МКК басшылығының тарапынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген кәсіпорынның баспасөз хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети