08 желтоқсан 2021 17:25

Қапшағайда жол апатынан бір адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадрлар Видеодан алынған кадрлар

Қапшағай қаласында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қапшағай қаласында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қапшағай тасжолында болған қайғылы оқиғаның видеосы тарап жатыр. Жазба авторы жүк көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап қалып, жол апатына себепші болғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)

Алматы облысының полициясы 27 жастағы Mercedes-Benz жүк көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, бағдаршамда тұрған Toyota Caldina көлігімен соқтығысқанын хабарлады. 

"Нәтижесінде, Toyota Caldina көлігінің 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жол апатынан 33 жастағы жүргізуші де зардап шекті, ол түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға түсті", - деп хабарлады полициядан.

Бұл қайғылы оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети