25 мамыр 2021 16:00

Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы №6 қалалық жағажай маңынан суға батып бара жатқан 5 жасөспірімді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы №6 қалалық жағажай маңынан суға батып бара жатқан 5 жасөспірімді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылдың 24 мамырында сағат 15.25-те болған. Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын шолу кезінде №6 қалалық жағажай ауданында суға батып бара жатқан жастарды байқаған.

"Жедел құтқару жұмыстары нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім шығарлды. Олардың бірі ес-түссіз күйде болған. Реанимация шараларынан кейін қыз есін жиған және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Кейін жасөспірімдердің  Алматы қаласынан демалысқа келгені анықталды.

Алматы облысының ТЖД өкілдері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

  • Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу. Суға мас күйде түспеу;
  • Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
  • Ағысы қатты жерлерде суға түспеңіз;
  • Егер судың температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз;
  • Жүзу тақталарын, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз;
  • Жағадан алыс жерде үрлемелі төсеніш немесе баллондарда жүзуге болмайды;
  • Балаларға суға түсуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;
  • Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети