08 шілде 2022 12:29

Қапшағайда Үндістаннан келген тағы бір студент суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Үндістаннан келген тағы бір студент Қазақстанда суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үндістаннан келген тағы бір студент Қазақстанда суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қапшағай су қоймасында 7 шілдеде болған. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті, 23 жастағы Үндістан азаматы күндізгі сағат 14:50 шамасында су қоймасында батып кеткен.

"Алматыдан келген бір топ студент су қоймасы жағасында жүзіп жүрген. Кейін олар жағадан алыс жүзіп, құтқарушылардың ескертуін елемеген. Бір кезде студенттердің бірі басқалардан әрі қарай жүзіп, өз күшін есептемей батып кетті", - деді ведомство өкілдері.

Студенттің денесін облыстық ТЖД құтқарушылары тауып алып шықты.

Еске салайық, бұған дейін маусымның аяғында Түркістан облысының Ақсу шатқалындағы су қоймасында Үндістаннан келген екі жігіт суға батып кетті. Қаза тапқандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети