02 наурыз 2018 13:05

Қарабатандағы өрт: 6 адам қаза тапты

Сурет ҚР ІІМ ТЖК

Атырау облысындағы Қарабатан ауылында өрт салдарынан қаза болған адамдар саны артып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК өкілдері мәлімдеді. Қазіргі уақытта алты адамның мерт болып, төрт адамның зардап шеккені белігілі болып отыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдай комитетінің мәліметі бойынша, жатақханада 2 наурызда сағат 08:41-де өрт шыққан. Жатақхана Атыраудан 40 шақырым жерде, Қызылкөге ауданындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылыс аумағында болған. Өрт вахталық қалашықтағы контейнерлерден жасалған жатақханадан шыққан. Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысым жұмысшылары болған - шамамен 20 адам. Олардың зардап шеккен төртеуі Атыраудың облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт шарпыған аумақ - 500 шаршы метр. 

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram