Қарағанды облысында 9 жастағы бала жоғалып кетті

31 Желтоқсан 2015, 11:42
0
Қарағанды облысында 9 жастағы бала жоғалып кетті - Баланың туыстары жолдаған сурет
Баланың туыстары жолдаған сурет

Қарағанды облысы Теміртау қаласында 9 жастағы Владислав Шеллер жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баланың туыстарының айтуынша, ол 29 желтоқсан күні сағат 14.30-да әжесіне кетіп, діттеген жеріне жете алмаған. Баланы соңғы рет Теміртаудағы "Комсомолец" кинотеатрының маңынан көргендер бар. Баланың үстінде сұр түсті күрте, қара шалбар, басында жасыл әріптері бар қара түсті құлақшын бар.

"Кеше тәтем мен ата-анам інімді Теміртаудың бүкіл ауласынан іздеп шықты, бірақ еш нәтижесіз, - деді жоғалып кеткен баланың әпкесі Илона. – Владик көпшіл, дербес адам, бірақ бөтен адамдармен сөйлеспейді. Біз бауырымды тауып, Жаңа жылды отбасымызбен бірге қарсы аламыз деп үміттенеміз".

Владислав Шеллерді іздеу жұмыстарына еріктілер де қатысты, олар баланың суретін бүкіл қалаға жапсырып жатыр.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, бұл дерек тіркелді. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Баланың қайда екенін білетіндер болса, мына номерлерге қоңырау шалу сұралады: 87023486819, 87759067761 немесе 112. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай